Зенага (халық)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Зенага — Мавритания аумағында тұратын жалпы саны 25 мың адамнан тұратын ұлт.[1]
Тілі
Зенага | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
25 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
зенага тілі, араб тілі | |
Діні | |
Олар зенага тілінде, көбісі араб тілінде сөйлейді.[2]
Діні
Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар.[3]
Кәсібі
Дәстүрлі кәсібі – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы (зебу, қой, ешкі), оазистерде – егіншілік ( құмай, күріш, жүгері, құрма), керуен саудасы. Былғары бедерлеу, кілем тоқу өнері дамыған (геометриялық қызыл-қара-жасыл оюлары бар жеңіл кілемдер басым).[4]
Өмір салты
Дәстүрлі қоғамдық құрылым XX ғасырдың ортасына дейін сақталды. Ақсақалдар кеңесі бар.
Қоныстары ықшам орналасқан. Тұрғын үйлері төртбұрышты, шикі тастан қаланған, шатыры тегіс, ауласы бар. Көшпелілер лашықтарда немесе құрғақ бұтақтардан жасалған күмбезді шалаштарда тұрады.
Дәстүрлі киімдері – жеңі қысқа ақ түсті кең және ұзын көйлек, басына сәлде, аяғына сандалдар киеді. Мереке күндері – қара кестелі шалбар, иілген ұштары бар аяқ киім, тұмар, әйелдер - қара кең көйлек киіп, аяқ пен қолдарына зергерлік бұйымдар тағады.
Тағам – ащы соус қосылған бәліштер, пісірілген ет, томат соусында пісірілген қамыр (кус-кус), көкөністер, құрма.[5]
Дереккөздер
- Современная энциклопедия - зенага http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/zenaga
- Современная энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc1p/18602
- Значение слова ЗЕНАГА в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1839318.html
- Народы и культуры З https://travel-journal.ru/ethno/36/286/
- народы мира / Зенага http://www.etnolog.ru/people.php?id=ZENA